Қасым-Жомарт Тоқаев француз халқына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев француз халқына көңіл айтты
159
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жак Ширактың қазасына байланысты француз халқына көңіл айтты.

Бұл жайында Қазақстан Президенті Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың қаза болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Ол елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына елеулі үлес қосқан көрнекті саясаткер ретінде жадымызда сақталады. Президент Эммануэль Макронға және бүкіл француз халқына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын» делінген жазбада.