Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 87 жастағы қария ауруханаға ес-түссіз халде жеткізілген. Инсультке шалдыққан қарияны ұйқы артериясы мазалаған. Науқасқа дәрігерлер шұғыл ота істеуге шешім қабылдаған. Себебі, науқаста оң жақ ішкі ұйқы артериясы сағасының 90%-на дейін гетерогенді, симптомды тарылуы анықталған. Дәрігерлер жабық отаны бас миына қан жеткізетін маңызды тамырға жасаған. Операция кезінде хирургтар аппараттың көмегімен мойын тамырына пышақ тигізбей, микроқұрылғы арқылы хирургиялық ем жүргізген. Отадан соң, науқас есін жинап, жағдайы жақсарған. Қазіргі кезде науқастың денсаулығы дәрігерлердің қадағалауында.