Ал WhatsApp арқылы «Алматыда Қытай ұшағы химиялық радиоактивті заттар шашып жүр» деген аудиожазба таралды. Хабарламаға дәлел ретінде flightradar24 сайтынан алынған скриншот қоса ұсынылған. Фотодағы картада ұшақтың ұшу бағыты нақты көрсетілген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Қытайдың ұшағы зиянды заттар шашқаны туралы хабар – жалған.
«Qatar Airways әуе компаниясының тіркеу номері A7-BAL «Бейжің – Доха» бағытындағы тұрақты рейсі Боинг – 777 әуе кемесімен 2020 жылы 13 қыркүйекте орындалды. Борт Қазақстанның әуе кеңістігіне RULAD нүктесі арқылы сағат 06:08-де кірді және сағат 06:46-да SULET нүктесі арқылы елдің әуе кеңістігінен шықты. Әуе кемесінің ұшу биіктігі 11 мың метрді құрады. Бұл рейс күн сайын орындалады», – деп ресми хабарлама таратты.Сондай-ақ министрліктің мәліметінше, ұшақ ұшатын биіктікте химиялық заттарды шашу мүмкін емес. Ұшақтың бұл түрі дәрілеу жұмыстарын жүргізу үшін жабдықталмаған.