Абаев атаулы әлеуметтік көмек алудағы алаяқтық туралы айтты
Абаев атаулы әлеуметтік көмек алудағы алаяқтық туралы айтты
433
оқылды

«Открытый диалог» бағдарламасында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев атаулы әлеуметтік көмек алу үшін болған жаға ұстатар жайттар туралы айтты.

Әңгіме әлеуметтік көмек алудағы алаяқтық жайынан басталды.

«Өкінішке орай, шынымен, алаяқтық фактілері мейлінше көбейіп кетті. Шымкент сотына ажырасу туралы арыздар көп түскен.

Өткен аптада БАҚ-тан бір отбасының өз перзенттерін балалар үйінен алып кетіп, құжатты рәсімдегеннен кейін қайтадан апарып тастағандары туралы мақала оқыдым. Оралда кей жандар ата-аналарын қарттар үйінен уақытша шығарып алған», - деген Абаев мемлекет бұл жағдайға көз жұмып қарай алмайтындығын және алаяқтықпен күресу қажеттігін алға тартты.