Бүгін елімізде республикалық вакцинация науқаны басталды. Осыған орай министр елордадағы 6 қалалық емханаға барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырды.
Айта кетейік, биыл елімізде егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді. Бірыңғай дестрибьютер халықтың 10 пайыздан астамын тегін вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 2 миллионнан астам дозасын сатып алған.«Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиялық маусымда ЖРВИ-мен ауырған 431 120 адам тіркелді. Оның ішінде 2.5 мыңнан астам науқас зертханалық анықталған тұмауға шалдыққан. Оның 284 033-і немесе 61,4 пайызы 14 жасқа толмаған балалар. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет. Өйткені коронавирус індеті кезінде тұмау да өршуі мүмкін. Сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан биыл елімізде вакцинаны жылдағыдан екі апта бұрын бастадық. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан өткен сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып екпе салдырдым», – деді Алексей Цой.