Оралда шыққан өрттен үш адам қаза тапты
Оралда шыққан өрттен үш адам қаза тапты
203
оқылды

Бір бала мен екі ересек адам Оралдағы саяжайда шыққан өрттен қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар Комитеті хабарлайды.

27 қыркүйек түнде Оралдағы «Волна» бау-бақша шаруашылық бірлестігінде үй өртенді. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды төрт сағатта ауыздықтаған.

Үйден 1961 жылы дүниеге келген ер адам, әйел адам және баланың денесі табылды. Өрт сөндіруге 14 адам мен төрт арнайы көлік жұмылдырылды.