12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар бөлімінің қызметкерлері Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековті ұстады.
«Тергеу жүргізіліп жатыр, іс облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша тергеуге қатысты өзге де ақпарат құпия болып саналады және оны жариялауға болмайды», – деді прокуратура өкілдері.
Қылмыстық әрекеттермен Жақсылық Шалабеков мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірген деген күдік бар. Қазіргі уақытта ол соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды.