Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада қазан-қараша айларында коронавирустан болатын өлім-жітім саны артады деген болжам жасады. Бұл туралы ДДСҰ еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге айтты, деп жазады ТАСС.
«Эпидемиологиялық жағдай ушығады. Қазан-қараша айларында өлім-жітім көрсеткіші артқанын көреміз», –деп мәлімдеді Ханс Клюге.Agence France-Presse атап көрсеткендей, бұл құбылыс Еуропада коронавирустың жаңа толқынына байланысты болады. Коронавирус пандемиясы басталғалы бері әлемде 28,7 млн астам адам індет жұқтырса, 920 мыңнан астам адам қайтыс болды.