Арқалықта жаңа әкім
Арқалықта жаңа әкім
5,176
оқылды

Арқалық қаласының әкімі болып Қайрат Әбішев тағайындалды деп хабарлайды Алау Тв.

Бұл ақпаратты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі растады. Қайрат Әбішев бұған дейін Ұзынкөл ауданының әкімі болған еді. Қаланың жаңа басшысын жергілікті әкімдікке облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды.

Қ.Әбішев 1969 жылы Семиозер ауданы Тимофеевка ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1992 жылы Қостанай ауыл шаруашылық институтын агрономия мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматыдағы экономика және статистика академиясын экономика және бизнес мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Наурызым ауданында «Қара-Құрай» бригадасының агрономы болып бастаған. Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары болған.