Алматыда тұмау бойынша ахуал тұрақты. Бұл туралы Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте айтты.
Өткен аптада 1219 адам ЖРВИ-ге шалдықты, 100 мың адамға шаққанда ауру көрсеткіші - 62. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 25% төмен және өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 21% артық, - деді ол.Бекшиннің айтуынша, ауырғандардың 62% балалар.