СҚО-да 600-ден астам праймеризге қатысушы ойларын ортаға салды
СҚО-да 600-ден астам праймеризге қатысушы ойларын ортаға салды
166
оқылды
Үміткерлер өзекті мәселелерді талқылады. Олар - биліктің халықпен кері байланыс орнату, жолдарды жөндеу, азаматтардың азық-түлік себетін жақсарту, бизнесті, денсаулық сақтау, білім беру дамыту және тағы басқалар. Алғашқы жарыссөз 14 қыркүйекте облыс орталығында өтті. Пікір сайыстың бастапқы күнінде тікелей эфирді 1 мыңға жуық адам көрді. Ең көп пікірталасты «Nur Otan» партиясы Петропавл қалалық филиалының қатысушылары өткізеді – мұнда 114 кандидат 20 топқа бөлінді. Пікірсайыс екі раундта өтеді: бірінші раундта үміткерлер өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстырады, ал екінші раундта «сұрақ-жауап» сессиясына қатысады. Айта кетейік, кейбір үміткерлер бірқатар себептер бойынша өз кандидатураларын алып тастады. Біреулері – жеке басының проблемаларына байланысты, басқалары – басқа аймаққа тұрақты тұруға кетуіне байланысты.
«Қатысушылардың әрқайсысының өз сайлауалды бағдарламасы дайын. Үгіт-насихат жұмыстарының барысы туралы олар ұйымдастыру комитетіне хабардар етеді, материалдарды www.primaries.kz сайтта немесе арнайы мобильді қосымшада орналастырады. Олармен өңірге қарамастан кез келген партия мүшесі таныса алады. Егер біреу пікірталасқа қатысқысы келмесе, ұйымдастыру комитеті оны жарыстан шығарады», - деп түсіндірді партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңес Мұқышев.
Айта кетейік, пікірсайыс әр үміткер үшін, үгіт-насихат жұмыстарының міндетті шарты. Пікірсайыс онлайн дауыс беру басталардан бір күн бұрын – 30 қыркүйекте аяқталады.