Қазақстанда сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілмек. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Бақнияз Қарашина хабарлады.
«Заң жобасы аясында 5 негізгі норманы енгізу көзделіп отыр. Бірінші – отандық баспасөз, БАҚ үшін салықтық жеңілдіктер. Екінші – мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін құру. Үшінші – отандық БАҚ-та сыра мен шараптың сауда белгісіне немесе атауына жарнама жасауға тыйымды алу тастау. Төртінші - мемлекеттік қатысы бар телерадиоарналар үшін хабар тарату тілін анықтауда өкілетті органның құзіретін бекіту. Соңғысы – ақпаратқа қолжетімділік туралы заңнаманы жетілдіру», - деді ол Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің отырысында.