«Найман» тергеуде
«Найман» тергеуде
© Сурет ғаламтордан
178
оқылды
Қазақстандық ММА жауынгері  Қуат "Найман" Хамитов Алматы Полиция департаментіне жеткізілді, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерді бақылау барысында спортшының қатысуымен Зорлық-зомбылыққа шақыру туралы бейне анықталғанын түсіндірді.
"Бұл факт ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Азамат Хамитов Қуат тиісті іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін ДП-ға жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Азамат Хамитовтың іс - әрекетіне түбегейлі баға беріледі", - деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ, Қазақстанда билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға, жаппай тәртіпсіздікке шақыру немесе жаппай тәртіпсіздікке арандату, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе шектеуге жазаланатыны ескертілген. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=9MIAnqZFB3s&feature=emb_logo