Аударма арқылы қабылданған заңның жүзеге асуы қиын – Нұртөре Жүсіп
Аударма арқылы қабылданған заңның жүзеге асуы қиын – Нұртөре Жүсіп
317
оқылды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында депутат Нұртөре Жүсіп заң шығарушы органдарды қазақ тілін құрметтеуге шақырды.

"Бүгін күн тәртібінде тұрған мәселе өте өзекті. Мен әріптесім Мұрат Бақтиярұлының айтқан сөздеріне толық келісемін. Еліміздегі кез келген заңның сапасы бірінші кезекте дұрыс болуы керек.

Қазақстан Президенті «Еститін мемлекет» құрамыз дегенді айтты. Менің ойымша, бізге «көретін мемлекет» деген де керек болады.

Қабылданған заң жұмыс істеу керек. Ол үшін заңның тілі жұмыс істеу керек. Аударма арқылы қабылданған заңның жүзеге асуы, өмірде қолданылуы өте қиын.

Біздің қазақта «Көрмейін десем – көзім бар» деген сөз бар. Мәселен, бүгінгі дайындалған ақпараттық-анықтамалық материалдардың 48-ші беттегі орысшасында: «Однако в настоящее время одной из главных бед казахстанской законоворческой деятельности называется пресловутое «мелкотемье». Енді осының қазақшасында аударылғаны қалай? «Қазіргі уақытта қазақстандық заң шығару қызметінің басты бедінің бірі «ұсақ-түйек» деп аталады» дейді, «главных бед» дегенді «басты беді» деп аударады. Енді осындай ұсақ-түйек деп отырған нәрсеміздің барлығы біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесін төмендететін нәрсе деп қабылдаймын. Сондықтан кез келген заңды қабылдау кезінде мемлекеттік тілді құрметтеуді өтінер едім" – деді сенатор Нұртөре Жүсіп.