Терминді іріктеудің критерийлері мен принциптері
Терминді іріктеудің критерийлері мен принциптері
142
оқылды

Алматыда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері» атты республикалық әдістемелік семинар өткізді.

Республикалық әдістемелік семинардың өзектілігі – Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту үшін терминдерді біріздендіру және іріктеу критерийлерін белгілеу, принциптерін айқындау.
Жиында ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Ш.Құрманбайұлы терминдерді іріктеудің критерийлерін және принциптерін белгілеу мәселесін көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Ал А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Қ.Күдеринова жаңа әліпбиге көшу барысындағы терминдердің жазылу үлгісі мәселесіне тоқталды.
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Қ.Айдарбек терминологияның тілдік нормативтік шарттарын талқыға салды.
Ісшараға Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, жетекші ғалымдар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері, тіл саласы бойынша өңірлік басқарма басшылары мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.