Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ТМД елдері аумағында алғаш рет «Болашақ энергиясы» тақырыбында EXPO-2017 Astana халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізілді. Көрмені өткізу қорытындысы бойынша EXPO тарихындағы ең табысты мамандандырылған көрме деп танылды! Футуристік көрінісі бар көрме кешені 25 гектар жерге өсті, оның ортасында NUR ALEM сферасы орналасқан, ол бірден қонақтар арасында танымал болды. Көрмеге 115 ел және 22 халықаралық ұйым қатысты. Оған 4 миллион адам, оның ішінде 650 мың шетелдік турист келді. Көрмеге келушілерге үлкен іскерлік және мәдени бағдарлама ұсынылды. Оның ішінде Джаред Лето, Дэвид Гетта, Стив Аоки, Эрос Рамазотти және т. б. әлемге әйгілі орындаушылардың концерттері бар. Скептиктер жаһандық іс-шара аяқталғаннан кейін бұл үлкен аумақ қаңырап бос қалады деп болжады. Мүмкін, олар EXPO көрмелерін ұйымдастырушы кейбір елдерді мысалға алған шығар, мысалы, Лиссабондағы (Португалия) EXPO-1998. Қоштасу отшашуынан кейін алаң тез өзгере бастады: виртуалды шындық павильоны жабылды және бөлшектелді. Васко да Гама мұнарасы келушілерге қолжетімді болудан қалды, ал болашақ павильонында казино жайғастырылды. Оңтүстік Кореяның Йосу қаласындағы EXPO-2012 көрмесінің нысандары да қажетті қолданыс таппады. Ганновердегі мерекелік көңіл-күйдің орнын мұң басты. EXPO-2000 көрмесі аяқталғаннан кейін павильондардың бір бөлігі бұзылды, ал олардың кейбіреулері тез босап, құлдырап кетті: ескірді, тозды, шөп басып кетті. Бірақ болашақта өз көрмелерінің нысандарына екінші дем берген елдер де бар. Мысалы, 2015 жылы Миланда (Италия) көрме аяқталғаннан кейін көлемі 200 гектарға жуық аумақ ғылым мен техниканың инновациялық паркіне айналды. Онда 2024 жылға қарай жергілікті университеттің ғылыми факультеті орналасады. Ал Испанияның Сарагоса қаласындағы 25 гектар EXPO-2008 аумағы іс-шара аяқталған соң қайта жөндеуден өтті. Бұрынғы павильондардың ғимараттарында түрлі мекемелер мен мейрамханалар орналасқан іскерлік саябақ құрылды. Шанхайда (Қытай) EXPO-2010 ұйымдастырушылары еркін сауда аймағы мен жоғары технологиялар паркі бар аудан құрды. Қазақстанда өз кезегінде Тұңғыш Президент Н.Назарбаевпен Ресейлік «Мәскеу-сити», Француз La Défense, ағылшын Canary Wharf және сингапурлық Downtown Core сияқты іскерлік орталықтардың үлгісі бойынша көрме мұрасы объектілерін көрмеден кейінгі пайдалану тұжырымдамасы мақұлданды. EXPO іскерлік орталығының аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасты. Оның жанында Astana International Exchange (AIX) биржасы, ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейтін сот және төрелік орталық жұмыс істейді. Осы локацияны таңдаған бизнес субъектілері үшін айтарлықтай артықшылықтар қарастырылған. Кәсіпкерлер дәл сол жерде орналасқан EXPO Business Centre-де «А» класты бизнес-орталықтардың стандарттарына сәйкес келетін кеңселерді жалдай алады. Жақын маңдағы Конгресс-орталықта мәдени, іскерлік іс-шаралар, концерттер мен телекөпір өткізуге болады. Бұл ғимарат Астана экономикалық форумының, Astana Finance Days халықаралық конференциясының, KAZENERGY XII Еуразиялық форумының және басқа да ауқымды форумдардың қатысушыларын қабылдады. Сондай-ақ мұнда Comic Con Astana фестивалі мен отандық және әлемдік жұлдыздардың концерттері өткізілді. Орталық Азия елдерінің аумағындағы ең ірі көрме алаңы – халықаралық көрме орталығына да үлкен рөл беріледі. Мұнда ірі халықаралық және ұлттық көрмелер өткізу жоспарланған. Бұл орталық елге ірі халықаралық іс-шараларды тарту мүмкіндігін ашады. Өткен «Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыбын одан әрі дамытуды БҰҰ қамқорлығымен құрылған Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы жүзеге асырады. Ол жаңартылатын энергия көздері саласында озық шешімдерді енгізе отырып, елдің экологиялық таза экономикасын дамытуға елеулі үлес қосады. NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы Қазақстан Республикасының жас астанасының жаңа символына айналды. Елорда қонақтары футуристік Сфераның аясында суретке түсуге тырысады. NUR ALEM ғылыми, мәдени және ойын-сауық ядросына айналды. Он мыңдаған қазақстандық оқушылар мен студенттер мұражайға барған кезде Kids&Student Future Energy арнайы білім беру бағдарламасының арқасында пайдалы білім ала алады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауы аясында адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім беруге инвестициялар бойынша IT саласының ұлттық бизнеспен өзара іс-қимылы Astana IT-University және Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі табысты дамуын жалғастыруда, онда 300-ден астам қатысушы тіркелген. Алайда көрме кешенінің алаңы тек бизнес пен білім беру саласына ғана қатысты емес. Аумақ қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақыты үшін де ойластырылған. Мұнда бес жұлдызды Hilton Astana қонақ үйі, кафе, мейрамханалар, саябақ аймақтары, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы алаң бар. EXPO кешені ел экономикасының дамуына өз үлесін қосатын жаңа тартылыс орталығына айналды.