«Барахолкадан» сатып алған ваза қымбат жәдігер болып шықты
«Барахолкадан» сатып алған ваза қымбат жәдігер болып шықты
117
оқылды

Су тегінге сатып алған қытайдың гүл сауыты қымбат жәдігер екен.

Бұл жайында The Sun басылымы хабарлады.

 Кездейсоқ оқиғаның кейіпкері – Ұлыбритания тұрғыны. Ол барахолкадан қытай вазасын су тегінге сатып алған.

Бар-жоғы 1 фунт стерлинг екен. Кейін вазаны eBay-ге арзан бағамен сатылымға қойған.

Қызығы, бұл вазаға сатып алушылар ол ұсынған бағадан әлдеқайда жоғары ұсынған.

 Содан ол вазаны сатылымнан алып тастап, Sworders Fine Art Auctioneers үйіндегі бағалаушыға апарып көрсеткен.

Олардың айтуынша, бұл гүл сауыты 1735 жылдан 1796 жылға дейін билік еткен Цин династиясынның Қытай императоры Цяньлун үшін жасалған дүние. Оны білген вазаның иесі таңданып қалды.

 Вазаны қарашада өтетін аукционға қойылды. Енді оның бағасы 80 мың фунт стерлингке бағаланып отыр.