Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Ақылы бөлімнің ақылсыз тірлігі мұғалім мәртебесін өсіре ме?

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Қыркүйек 15, 2020
© коллаж: Елдар Қаба

© коллаж: Елдар Қаба

52
қаралым

Иә, биыл мұғалім атануға бел байлағандар көп. Себебі алдағы уа­қытта педагогқа жасалатын жағдай мен стипендияның көбейетіні туралы хабар жас түлекке ұнаған-ды. Пре­зидент мамандықтың беделін арт­тыру үшін болашақ педагогтарға сти­пендияны 26 мың мен 46 мың теңге аралығында өсіру қажетін айтты. Нәтижесінде, 2020 жылдың қыр­күйегінен бастап олардың стипен­диясы 42 мың теңгеге дейін өсті. Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сінің үшінші отырысында Білім ми­нистрі­не педагог мамандарды даяр­лауға көңіл бөлу керегін тапсырған еді.

 

Мемлекет басшысы айтты,
Аймағамбетов іске кірісті

Алдымен министр орта білімнің сапалы болуының негізгі құрамдас бөлігін айқындап алды. Біріншіден, мамандыққа тапсырушылар арасын­дағы бәсекеге қабілеттілікті артты­руды көздеді. Нәтижесінде, педаго­гика мамандығына түсу үшін шекті балды 70-ке көтерді. Екіншіден, мұ­ғалімдік қызмет талапкерді тартуы керек. Яғни, оның айлық табысы, қоғамдағы рөлі көпке ұнауы тиіс. Осы мақсатта министрді біршама жұмыс күтіп тұрғаны белгілі. Бір ғана «Пе­дагог мәртебесі» заңымен ұстаздың беделі көтерілмейтіні анық. Ал жала­қыға келсек, 2021 жылдан бастап мұ­ғалім­дердің табысы артатын бол­ды. Сондай-ақ жыл сайын 25%-ке көбейеді. Оған түрлі педагогикалық «бонусты» қосыңыз. Жас маманға, магистратура мен докторантура бітір­ген мұғалімге, біліктілікті арттыру курсына қатысқанға белгілі бір пайыз бойынша үстемеақы қосылады.

Биылға дейін педагогика маман­ды­ғы бойынша грантқа түскендердің орташа балы – 60-65. Өйткені ол тұста шекті балл 50 болған-ды. Талап күшейген соң мамандықтың беделі көтерілері сөзсіз. Сәйкесінше, бедел көтерілген жерде бәсеке пайда бола­ды. Мәселен, осыған дейін педагогика мамандарын дайындайтын 86 ЖОО болса, қазір министрлік оқу орны санын қысқартып жатыр. Студент­терге сапалы білім бермейтін бірқатар университет лицензиясынан айы­рылуы мүмкін.

 

Мұғалім болам мен ертең

Статистикалық мәліметке сүйен­сек, 80 мыңнан астам талапкер білім грантын иеленуге ниет білдірген. Со­ның ішінде 53 мың жас мемлекет есебінен тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. 2020-2021 оқу жылында педа­го­гика мамандығы бойынша конкурс нә­тижесінде 8 506 түлекке білім грант­ы тағайындалды. Бәсеке қалып­қа келген соң талапкерлер ара­сында «Алтын белгі» иегерлерінің де қатары көбейген. Мектепті алтынмен бітір­ген 1 565 түлек педагог болуды қа­лаған. Ал өткен жылмен салыс­тыр­ғанда болашақ мұғалім­дердің ара­сында «Алтын белгі» иегерлері 1,7 есеге көбейген.

Жоғарыда шекті балдың 70-ке жет­кенін жаздық. Тиісінше, бұл педа­гогика мамандығы бойынша орташа балдың да көтерілгенін көрсетеді. Ми­­нистр ұсынған мәліметке сүйен­сек, «Шетел тілі мұғалімдерін даяр­лау» бойынша шекті балл – 104. «Ма­­тематика мұғалімдерін даяр­лаудың» шекті балы 111 болса, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даяр­лау» бойынша шекті балл 107-ні нұсқады. «Педагогика мен пси­холо­гия» – 97 балл, «Арнайы педа­гогика бойынша мамандарды даяр­лау» бойынша шекті балл – 89.

Биыл грантқа түскен талапкер­лердің тізіміне үңілсеңіз, педаго­гика бойынша расымен ұпай саны­ның жоғарылағанын байқайсыз. Өйткені «Математика мұғалімдерін даярлау» мамандығына грантқа түскендердің тізімі 116 балдан басталады. Ал «Қа­зақ тілі мен әдебиеті пәні мұға­лімін даярлау» мамандығына ҰБТ-дан 100 балдан артық жинаған түлектер де грантқа түсе алмаған.

Мәселен, Алтынай Жұмансын­қызы бала кезден қазақ тілі мен әде­бие­ті пәні мұғалімі атанғысы келген. Өйткені көркем әдебиетке құмар ару болашақта шәкірттерін кітап оқуға баулитынын жеткізді. Ал ата-анасы оған заман талабына сай шет тілін таңдауды талап еткен. Алайда Алты­най ҰБТ-да бейінді пән ретінде қазақ тілі мен әдебиетін белгілеген.

«ҰБТ-дан 95 балл жинадым. Сараптауларым бойынша, әлемдегі төтенше жағдайды ескере келе, грант игері атануға мүмкіндігім бар деп ой­ладым. Нәтиже жария болғанда мем­лекеттік грантты ұта алмаға­нымды көрдім. Содан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ақылы бөліміне оқуға тапсырдым. Кейін оқу орнындағы қатарластарыммен сөйлескен соң 120 балдан жоғары ұпай жиған түлектер­дің ғана грантқа түскенін көрдім», – дейді Алтынай Жұмансынқызы.

Толғанай Мұратбекқызы да қазақ тілі мен әдебиеті бойынша грантқа түсетініне сенімді болған. Өйткені былтыр грантқа түскен талапкер­лер­ден ұпай саны жоғары. Ол ҰБТ-дан 89 балл жинаған. Грантқа түспеген соң Қыздар педагогикалық универ­ситетінің ақылы бөліміне құжаттарын тапсырған. Қызығы, Толғанай оқи­тын топта грантқа түскен түлек жоқ.

«Бір емес, 2 рет мүмкіндікті сынап көрдім. Алдымен жалпы конкурсқа қатыстым. Осы жылы құжатты он­лайн тапсырғандықтан, біршама қиын­дық тудырды. Құжаттар дұрыс болма­ғасын бірнеше қайтара тап­сырдым. Грантқа ие болма­ғанымды көріп, мойығам жоқ. Әкімдік грантта бағымды сынауға бел байладым. Құ­жат тапсыру үшін Талдықорғанға бардым. Шыны керек, 100 балдан асы­рып жинағандар да грантқа іліне алмаған. Оның себебін сапасыз мұға­лімдердің саны артқанымен бай­ланыстырады. Бірақ шекті балдан асып тұрып, грантқа түсе алмау ең­сеңді түсіреді екен», – дейді Тол­ғанай Мұратбекқызы.

Иә, Толғанай Мұратбекқызы айт­қан сөздің жаны бар. Өйткені түлек­тер құжаттарын онлайн тапсыра алмай, карантин уақытында ЖОО есігін күзеткенін көз көрді. Бірі он­лайн тапсыру механизміне сенбей университетке келіп тапсырса, екіншісі интернет мәселесімен алыс ауылдан қалаға келді.

Жоғарыда министрдің үш орта білім сапасын көтерудің үш компо­нентіне сүйенгенін жаздық. Соның үшіншісі оқуға қабылдау барысында мұқият іріктеу мен білім беру бағдар­ламасының сапасына назар салу бо­латын. Осы тұста кейіпкеріміз Мөл­­­дір Жомартқызы айтқан мәсе­леге таңырқап қалдық.

«Шет тілі мұғалімін даярлау бойын­ша» Абылайхан атындағы Ха­лық­аралық қатынастар универси­тетіне грантқа түстім. ҰБТ-дан 98 балл жинадым. Биыл педагогикалық мамандықтарға грантқа түсу қиынға айналды. Оқуға түскен универси­тетімде мемлекеттің грантқа ие бол­ған­дардың дені тестілеуден 93 балдан жоғары жинаған. Бірақ ақылы бө­лімге тапсырғандар 50 балдан жоғары жинаса жеткілікті», – дейді Мөлдір Жомартқызы.

Сонда оқуға қабылдау барысында сүзгіден өткізу «технологиясы» қайда қалды? 50 балл жинаған түлек ертең мұғалім болса, орта білім сапасын көте­ру жоспары орындалатынына кім жауап береді? Жалпы, білім беру бағдарламасын жаңартып, педаго­гикалық практиканы ұйымдастыру мен дуалды оқыту жүйесін енгізу үшін студент бәсекеге қабілетті болуы тиіс емес пе? Сол үшін педагогика маман­дығының мерейін үстем ету жолында тек шекті балды көтерумен шектел­мей, ақылы бөлімге де назар салған жөн-ау…

 

АйзатАйзат АЙДАРҚЫЗЫ

 

 

Тегтер: ақылы бөлімАсхат Аймағамбетовжоғары оқу орнымемлекеттік грантмұғалім мәртебесі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Матч кезінде стадион шатыры опырылып түсті

Риота Мурата Головкинге алғысын айтты

Алматы облысында мас жүргізуші 32 қойды басып кеткен

Шымкенттегі жарылыс сәті видеоға түсіп қалған

Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік жүксалғышында тұншығып қаза болды

Антикор атын жамылып Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен ер адам ұсталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»