Балаларды азаптаған екі қызметкерге сот үкімі шықты  
Балаларды азаптаған екі қызметкерге сот үкімі шықты  
Фото: Интернеттен алынды
258
оқылды
Екі қызметкердің жеткіншектерді қинап, төсекке байлап ұйықтатқаны расталса да, тек бас бостандығын шектеу жазасымен құтылды. Себебі, екі тарап арасында келісім болған, – деп хабарлайды КТК.

Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева: «Қала прокуроры мен күдіктілер арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалды. Сот үкімімен Павлодар қаласының психоневрологиялық орталық қызметкерлері кәмелетке толмағандарды азаптап, үш жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», – деді.

Орталық қызметкерлеріне қатысты сот процесі жабық жағдайда өтті. Екеуі де өз кінәсін мойындаған.   [caption id="attachment_72344" align="alignnone" width="1000"]Павлодар, бала, орталық, интернат, Фото: Еуразия арнасынан скриншот[/caption] Жалпы, адам қорлау дерегімен 16 қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұған дейін бес санитар үш жарым жылға шартты мерзімге сотталған. Тағы 9 қызметкердің ісі сот қарауында жатыр. Жантүршігерлік жайт биыл мамыр айында анықталды. Оқиғаның мән-жайын прокурорлар бақылау камерасын тексеру арқылы әшкерлеген.