Екі қызметкердің жеткіншектерді қинап, төсекке байлап ұйықтатқаны расталса да, тек бас бостандығын шектеу жазасымен құтылды. Себебі, екі тарап арасында келісім болған, – деп хабарлайды КТК.
Орталық қызметкерлеріне қатысты сот процесі жабық жағдайда өтті. Екеуі де өз кінәсін мойындаған. [caption id="attachment_72344" align="alignnone" width="1000"]Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева: «Қала прокуроры мен күдіктілер арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалды. Сот үкімімен Павлодар қаласының психоневрологиялық орталық қызметкерлері кәмелетке толмағандарды азаптап, үш жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», – деді.