Әлімханұлы Лас-Вегаста кездесу өткізеді
Әлімханұлы Лас-Вегаста кездесу өткізеді
159
оқылды
BoxRec-тің хабарлауы бойынша, Жәні­бек Әлімханұлы The Bubble аренадағы бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Әзірге отан­дасымыздың қарсыласы кім болары белгісіз. Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегінде канадалық боксшы Альберт Он­олу­носпен кездесті. 2019 жылы   күзде өт­кен тартыста ол  39 жастағы боксшыны ал­тыншы раундта нокаутпен жеңген еді. Айта кетерлігі, The Bubble аренада өтетін бокс кешінде Эмануэл Наваррете (31-1, 27 КО) мен Рубен Вилья (18-0, 5 КО) кездеседі. Бұл – аталған кештегі бас­ты жекпе-жек.  Олар жартылай жеңіл сал­мақ­тағы WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады.  

Айбике ЖАНАСЫЛ