50 келі есірткі табылған
50 келі есірткі табылған
125
оқылды
Тінту кезінде 45 жастағы азаматтың бақшасы мен  ауласынан, шатыр астынан және үйі ішінен полиэтилен пакеттерге салынған, өткір иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заттар табылған. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл заттар қарасора мен кептірілген марихуана болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 50 келіден асады. Аталған факті бойынша есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Гүл БЕКЗАТ