Айыртау ауданындағы шіркеудің терезесін сындырған. Шұғыл-тергеу тобының мамандары 12 моланың құлпытасы мен қоршауы сынғанын анықтаған. Құлпытасқа акрил бояуын төккен. Зират жанындағы шағын шіркеудің терезесін сындырған.
Анықталғандай, «Қайтыс болғандардың денесі және жерленген орнына қорлық көрсету» дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 314-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.«Полицейлер бірнеше күн бұрын осы зиратта жүрген 10-12 жастағы 3 жасөспірімді ұстады. Олардың вандализмге қатысы бары дәлелденді», – дейді полицейлер.