Гарант 24 ломбардқа алданған 17 мыңнан астам жәбірленуші шағымданған
Гарант 24 ломбардқа алданған 17 мыңнан астам жәбірленуші шағымданған
Фото: Интернеттен алынды
107
оқылды
ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтың айтуынша, қазіргі кезде жалпы саны 79 күдікті жауапқа тартылды. ІІМ Тергеу департаменті түрлі қаржы пирамидаларына қатысты 13 қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард» және «Тиімді қарыз» ЖШС бойынша жәбірленушілерден 17 мыңнан астам шағым келіп түсті. 22 млрд теңгеден астам сомаға материалдық залал келгені анықталды. Аталған ұйымдардың басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркелді, 51 күдікті қылмыстық жауапқа тартылуда, 7 күдіктіге іздеу салынды», – деді Санжар Әділов.
Ол қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық істерді тергеу үшін күдіктілерді шетелден де ұстаған.

«Ұлттық гвардияның арнайы борты Молдова Республикасынан, Ресей және Қырғызстан Республикасынан үш күдіктіні жеткізді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр», – деді Әділов.

Елге жеткізілген күдіктілерден 70 млн теңгеден астам қаржы тәркіленген. ІІМ жедел-тергеу тобы 2 млрд теңгеден астам сомаға күдіктілердің мүлкін анықтап, тәркіледі. Қаржы пирамидаларына қатысты тергеу, анықтау шаралары Ұлттық банк, Қаржы және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірігіп жүргізіледі.