«Бізге орынбасардың көптігі емес, сапалы білім керек» – Аймағамбетов
«Бізге орынбасардың көптігі емес, сапалы білім керек» – Аймағамбетов
Фото: Интернеттен алынды
130
оқылды

Министр Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарындағы типтік штаттар алдағы уақытта міндетті болмайтынын мәлімдеді.

«Білім беру ұйымдарында типтік штаттар міндетті болмауы тиіс. Себебі, жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы бір балаға шаққанда қаржы беріп, мектеп басшылығы мен қамқорлық кеңесінің қолын босатуымыз керек. Сондықтан мектеп директоры 2-3 орынбасары, 2 есепшісі бола ма – өзі шешуі керек. Үш орынбасар болсын деп міндеттемейміз. Қаржыны үнемдегісі келсе де, еркі өзінде. Бір немесе үш орынбасары болса да, бізге керегі – білімнің сапасы», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрліктің жиынында мектептегі білім сапасын жақсартуға қатысты көптеген тапсырма берді.