Зейнеткер 5 сағат ішінде 10 келі арықтады
Зейнеткер 5 сағат ішінде 10 келі арықтады
© сурет интернеттен алынды
191
оқылды
Дағыстанда Муги ауылының тұрғыны  66 жастағы Багама Айгубов 5 сағат жүгіріп, 9,3 келі салмақ тастады. Бұл туралы өңірлік дене шынықтыру және спорт министрлігі Instagram-да  хабарлады.
Осындай жетістігінің арқасында ер адам Ресейде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

"Оның денсаулығын дәрігерлер тексеріп отырды. Олар жүгіріп келген қарияның қан қысымын тексеріп, қалыпты екенін анықтады. Ол өзін жақсы сезінген", - делінген мәлімдемеде.

Айгубов дағыстандық ардагер спортшы,  Ресей, Еуропа және әлемдегі жекпе-жектің әртүрі бойынша жеңімпаз, чемпионат иегері.