Құрлық әскерлері Әскери институты бітіруші курсының курсанттары далалық практикалық сабақ өтті.
Болашақ офицерлер іс жүзінде алған теориялық білімін тиянақтап, әскери техниканы басқару шеберлігін дәлелдеді.
Құрама экипаждар құрамында олар жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен Т-72 танктерінде 100 шақырымдық марш жасады. Арнайы ол үшін әскери институттың оқу-жаттығу орталығында көрсетілімді сабақ ұйымдастырылды.
Жауынгерлік техникадағы марш – бұл жолдар мен лекті жолдар арқылы взводтың немесе ротаның легі құрамындағы ең күрделі жүріс. Ең алдымен, маршты жоспарлау және ұйымдастыру – барлық дәрежедегі командирлердің еңбегінің нәтижелі жұмысы.
Курсанттар жауынгерлік машиналарды жүргізу, күрделі жағдайда маневрлеу, әртүрлі кедергілерді еңсеруде табандылық пен батылдық көрсетті.
– Маршты ұйымдастыру мен өткізуді зерделеу кезең-кезеңімен өтеді. Бірінші курста курсанттар бөлімше командирінің жұмысы аясында, екінші және үшінші кезеңде взвод және рота командирі көлемінде қажетті мәселелерді зерделейді. Болашақ офицерлермен 100 шақырымдық марш оқытудың соңғы төртінші курсында батальон командирінің қадағалауымен өткізіледі, – деді Құрлық әскерлері Әскери институты оқу бөлімінің бастығы, подполковник Жәнібек Сарғазин.
Практикалық сабақ курсанттарды тактикалық, атыс және әдістемелік машығын арттыруға ықпал етеді. Ұрысты ұйымдастыру мен жүргізудегі қабілетін жетілдіретінін айта кеткен жөн. Курсанттар әскерге қызмет етуге жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықпен, офицерлер үшін қажетті білім және дағдымен аттанады.