Елордада партияішілік іріктеу-праймеризге қатысушылар арасында ашық пікірталас басталды. Олар қаланың төрт ауданының әрқайсысында өтеді - деп хабарлайды партияның елордалық филиалының баспасөз қызметі. «Алматы» ауданының партия мүшелері үшін дебаттар партияның елордалық филиалының ғимаратында, «Байқоңыр» ауданы үшін № 1 автобус паркінің акт залында, «Есіл» ауданы Ұлттық кітапхана залдарының бірі, «Сарыарқа» ауданы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының ғимаратында өтеді.
«Ашық дебаттардың тікелей эфирі елордада барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізіледі. Алайда, біз дауыс берушілер үміткерлердің жүздерін, дауыс беруі керек үміткерді есте сақтауы үшін партия мүшелеріне маскасыз сөйлеуге мүмкіндік бердік. Праймеризге қатысушылардың барлығы ПТР тестілеуден өтті», - деді «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.