Смартфондар арасындағы ойын шахматқа ұқсайды. Apple iPhone 11-ді таныстырып, бір жеп биге шығып еді. Көп өтпей Huawei қарсы жүріс жүрді. Осылайша, алпауыттар айқасы жалғасып жатыр
19 қыркүйекте Huawei жыл жаңалығын таныстырды. Бұл – Huawei Mate 30. Аталған смартфон АҚШ санкциясынан кейінгі компанияның алғашқы өнімі. Huawei аудиториясын барынша сендіруге тырысып жатыр. Компания басшылары Америка тарапынан қысым функцияға әсер етпейтіндей жағдай жасайтынын жеткізді.
Мюнхенде өткен Huawei таныстырылымында смартфон жайында ғана емес, компанияның болашағы туралы сөз болды. Компания жаңа Huawei Mate 30 және Mate 30 Pro туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ сағат пен жылдам зарядталатын аксессуарын көрсетті. 5G желіcі болғанымен, Google-сіз қай бағытта жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Huawei Mate 30 Pro – қазіргі заманға лайықталған смартфон. Телефонда заманауи технология мен дизайн үйлесім тапқан. Mate 30 Pro-да үлкендігі 6,53 дюймдік OLED экраны, ұзақ уақыт пайдалануға ыңғайлы процессор бар. Жаңалығы – төрт камерасы. Естеріңізде болса, жаңа iPhone-да 3 камера бар. Сондай-ақ 5G интернет пен 4,4 мың миллиамперге дейін жылдам зарядтау жүйесін қосыңыз. Корпуста түймелердің болмауы, бет сканері мен экран астындағы саусақ ізі құрылысы жаңартылған. Смартфонды IP68 стандарты бойынша су мен шаңнан қорғауға болады.
Жаңа Huawei Mate 30 Android 10 AOSP нұсқасында жұмыс істейді. Яғни, жүйе басқа телефондағыдай жұмыс істейді. Тек Google сервисінсіз. Операциялық жүйеде бәрі бар.
Осы жылдың 9 тамызында Huawei Harmony OS жүйесін таныстырды. 5G-ді іске қосатын алғашқы смартфон атанбақ. 2019 жылғы рейтинг бойынша Apple-ді басып озып, екінші орынға тұрақтады. Смартфон нарығының 19,1 пайызы Huawei-дің қолында. Енді Huawei Google-сіз дәуірді бастамақ. Қытайлық өнертапқыштар үшін бұл сөз емес тәрізді. Олар жоспарлы түрде әрекет етіп жатыр. Өнімді асыға күткендер үшін Watch GT 2 сағатын, FreeBuds 3 құлаққабын, SuperCharge қуаттайтын құрылғысын шығарды. Қуаттайтын құрылғыны телефонға тоқсыз жалғайсыз. Бұл – өте тиімді нұсқа. Мұның бәрі смартфонның ашық айқасқа түскісі келетінін дәлелдейді. Huawei-дің мақсаты – мінсіз смартфон құрастыру. Демек, бізді IT технологиядағы қызықты жаңалықтар күтіп тұр.
Айбике ЖАНАСЫЛ