Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлады elbasy.kz.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды.
Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді.
– Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық, – деді Е.Досаев.