Коронавирустан сауыққан адамның қанша уақыт вирус тасымалдаушы болатыны анықталды
Коронавирустан сауыққан адамның қанша уақыт вирус тасымалдаушы болатыны анықталды
© сурет интернеттен алынды
147
оқылды
Коронавирустан емделіп жазылған адам 3 айға дейін ортасына қауіпті. Өйткені ол вирус тасымалдаушы болып жүре береді, деп мәлімдеді Роспотребнадзор басшысы  Анна Попова, - деп жазады ria.ru.

"Біздің бақылауымыз бойынша сауыққан адамда коронавирус 48 күнге дейін  жүреді. Ал шетелдік ғалымдар 90 күнге дейін сақталатынын анықтады. Симптомы жоқ, қаны, барлық көрсеткіші жақсы адамда індет болады. Мұрнынан вирус бөлінеді", — деді ол РҒА отырысында.

Сарапшы сонымен қатар вирусты қайта жұқтырудан вакцина алса да ешкім қоралмағанын, вакцина індетті жұқтырудан көбірек қорғайтынын айтты.