Геннадий Головкин Деревянченкодан не күтеді?
Геннадий Головкин Деревянченкодан не күтеді?
145
оқылды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жектен не күтетінін айтты.


«Мен ешкімнен үлгі алмауға тырысамын. Әдейі. Мен өз жасымда қолымнан келсе, соның бәрін жасап, тынымсыз еңбектеніп жатырмын. Енді менің жанкүйерлерім мен сарапшылар қаншалықты тер төгіп, қанша күш-жігер жұмсағанымды бағалай алады. Басты қарсыласым белгілі бір адам емес. Басты қарсыласым – ол менің қазіргі жасым мен мотивациям. Мен алдағы жекпе-жектің болатынына қуаныштымын. Маған Нью-Йорктегі бокс атмосферасы ұнайды», - деп келтіреді спортшының сөзін Boxinginsider.com.

Еске сала кетейік, Головкин - Деревянченко айқасы бесінші қазан күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Қос боксшы IBF және IBO чемпионы титулдарын сарапқа салады.