Ақтөбе облысы Шалқар қаласының маңында жүк пойызы мен "УАЗ" маркалы автокөлігі теміржол өткелінде соқтығысып, бір адам қаза болды.
Оқиға болған сәтте жүк пойызы Жезқазған - Бейнеу бағытында жүрген. Полицияның мәліметінше, теміржол өткелінде орналасқан бағдаршам ақаусыз жұмыс істеп тұрған.
УАЗ-дың жүргізушісі бағдаршам рұқсат бермесе де пойыздың алдынан өтіп кеткпек болған. Соның салдарынан 82 жастағы жүргізуші қайтыс болды. Көлікте жүргізуші ғана болған.
Қатты соққыдан көліктен ештеңе қалмаған.
Полиция істің мән-жайын анықтау үшін тергеуді бастап кетті.