10 өңірде ескерту жарияланды
10 өңірде ескерту жарияланды
© Сурет ғаламтордан
109
оқылды
Ертең Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн суытып, ауа райы бұзылады, – деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. 16 қыркүйек күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, шаңды дауыл тұрады. Өңірде және облыс орталығы Ақтау қаласында батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с. Ертең күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде күн күркіреп, шаңды дауыл соғады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны таңертең және күндіз - 15-20 м/с. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Облыс аумағында және Атырау қаласында желдің күші күндіз - 15-20 м/с. Ақтөбе облысында да солай - кей жерлерде күн күркірейді, батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны 18 м/с жетеді. Шымкент қаласында батыстан ескен желдің екпіні - 15-20 м/с болады. 16 қыркүйекте Ақмола облысында және Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с. Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 23 м/с дейін күшейеді. 16-17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде және Петропавл қаласында нөсер жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел еседі. Жел қарқыны - 15-20, кей кезде 23-28 м/с жетеді. Ертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде және Өскемен қаласында оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 25 м/с болады. 16 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде және Түркістан қаласында шаңды дауыл соғып, батыстан күшті жел тұрады. Жел қарқыны - 15-20 м/с, күндіз - 23 м/с.