Зарина Дияс турнирден өте алмай қалды
Зарина Дияс турнирден өте алмай қалды
5,140
оқылды

Қазақстандық Зарина Дияс Бейжіңде негізгі турнирге өте алмады

Дүниежүзілік рейтингте 78-орында тұрған З.Дияс іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 66-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасты.

 Ресейлік спортшы 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 34 минутқа созылды.

Жүлде қоры 8,3 млн-ға жуық АҚШ долларына бағаланған Бейжің WTA турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бақ сынайды.
Оның қарсыласы іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Чэнду турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zarina-diyas-beyzhinde-negizgi-turnirge-ote-almady_a3570223