Зейнетақы жинағын кімдер алуы мүмкін?
Зейнетақы жинағын кімдер алуы мүмкін?
156
оқылды
Баспана немесе білім алу үшін зейнетақы жинағының 30%-ке жуығын шешуге рұқсат беріледі деп болжануда. Сарапшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алғысы келетіндерге қандай талаптар қойылуы мүмкін екенін айтты. Болжамдардың бірі бойынша ақшаның бір бөлігін алу үшін шотта кем дегенде 5 миллион теңге болу керек. Елімізде мұндай 285 мың адам бар. Бұл жалпы салымшылардың шамамен 3%-і екен.

"Біздің болжам бойынша үкімет баспана, білім немесе медициналық қызмет алуға зейнетақы жинағының 30%-ке жуығын шешуге рұқсат береді. Егер адамның шотында 5 миллион теңге болса, оның  30 проценті – 1,5 миллион теңге. Бұл сома, ең болмағанда, бастапқы жарнаға жетеді", - дейді ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Әділ Құсманов.

Қазір бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 триллион теңгеге тарта ақша бар.