Теннисші Юлия Путинцева Рим турнирінің екінші айналымына өтті
Теннисші Юлия Путинцева Рим турнирінің екінші айналымына өтті
© Сурет ғаламтордан
134
оқылды
Қазақстандық Юлия Путинцева Рим WTA турнирінің екінші айналымына өтті. Әлемнің 30-шы ракеткасы Ю.Путинцева бастапқы кездесуін рейтингте 49-орында тұрған швециялық Ребекка Петерсонмен өткізді. Қазақстандық теннисші 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 42 минутқа созылды. Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 16-ыншы, осы доданың 8-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен кездеседі. Осының алдында US Open жарысының төртінші айналымында Юлия Петраны ұтып, ширек финалға шыққан болатын. Бір қызығы, Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина мен Ю.Путинцева келесі қарсыластарын жеңсе, өзара кездеседі. Е.Рыбакина екінші айналымда рейтингте 47-сатыдағы чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасады.