Азық-түлік неге қымбаттады?
Азық-түлік неге қымбаттады?
Оның сөзіне қарағанда, әлеу­меттік маңы­зы бар азық-түлік тауа­рының бес түрі арзандаған. Мәсе­лен, қырыққабат ба­ғасы 21,4 про­центке төмендеді. «Жалпы өсім көрсеткіші 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыс­тырғанда екі есе төмен. Аталған өсудің 90 проценті, яғни 4,1 про­центтік пункті, елде төтенше жағ­дай режимі енгізілген кезеңде тіркелді. Мұның негізгі себебі ка­рантинге бай­ланысты азық-тү­лікке деген ерекше сұраныс және логистика мен тауар тасымалдау шарттарының өзгеруі, маусым­ара­лық кезеңдегі тап­шылық бол­ды», – деді Б.Сұл­танов. Оның айтуынша, мамыр айынан бастап баға өсімі реттеле бастады, мыса­лы сол баға 0,1 процентке өсті де, маусым мен шілдеде өс­пей, та­мызда 1 процентке төмендеді. Министрдің дерегінше, әлеу­меттік маңызы бар тауарлар­дың бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен 14,2 млрд теңге бөлін­ген. Бұл нарықтық механизм қазірдің өзінде тиімділігін көрсе­тіп отыр. Алматы қаласы бойын­ша басқа өңір­лермен салыстыр­ғанда қомақты қаражат бөлінген. Нәтижесінде, шаһарда жыл ба­сынан бері әлеу­меттік маңызы бар тауарлар баға­сының өсуі 2,2 процентті құрады. Бұл ел бойын­ша ең төмен көр­сеткіш көрінеді. Ал Жамбыл және Сол­түстік Қа­зақстан облыс­тарында әлеу­мет­тік маңызы бар тауарлар баға­сын ұстап тұруға қаражат бөлінген жоқ, сал­дарынан аталған өңір­лерде әлеу­меттік маңыз­ы бар тауар­лар баға­сының өсуі тиісінше 6,1% және 5,7%-ті құрады. «Бағаны тұрақтандырудың маңызды құралының бірі – моно­полияға қарсы реттеу шаралары. Бәсекелестікті қорғау және дамы­ту комитеті ішкі нарықтағы сөз байласу күдікті жағдайға тұрақты мо­ни­торинг жүргізеді. Осылайша, биылғы азық-түлік, жеміс-көк­өніс пен ет өнім­де­рін өндіру және сату бойынша на­рық субъек­­тілеріне 293 хабарлама жі­бері­ліп, сон­дай-ақ 13 тергеу жүргізіл­ді», – деді министр. Айта кетейік, төтенше жағдай режимі кезеңінде бағаларды тұ­рақ­тандыру үшін Сауда және интег­рация, Ұлттық эко­номика және Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лік­терінің бірлескен бұйры­ғы­мен 9 әлеуметтік маңызы бар тауарға шекті баға белгіленген болатын. Сол шекті бағаның сақта­­луына әкімдіктер мен ми­нистрліктің аумақтық бөлім­шелері тұрақты негізде монито­ринг жүргізіп тұрады, оның қо­рытындысы бойынша 180 әкім­шілік айыппұл салынған. Айта кетейік, биыл 22 наурыздан бас­тап төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңінде 7 тауарды экспорттауға тыйым с­а­лынды. Бұдан басқа, бағаның өсуіне жол бермеу наурыз айынан қыркүйек айына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының им­пор­ты мен сатылуына қосылған құн салы­ғының ставкасы 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді. Ауыл шаруашылығы министрі Са­пар­хан Омаровтың айтуынша, азық-түлік тауарын көптеп өнді­руді қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін бірқатар жаңа ин­­вестициялық жобалар енгі­зіледі. Мы­салы, жыл соңына дейін құс етін өндіру көлемі 75 мың тоннаға немесе 25 про­центке ұлғайтылады. Бұл жаңа 8 құс фаб­рикасын жылдың аяғына дейін іске қосу есебінен қам­тамасыз еті­леді. Олар­дың екеуі іске қосылған. Сонымен қатар сүт өн­­дірісі де ұлғаяды. Жылдың соңына дейін қосымша көлемі 112 мың тонна бо­латын 25 өнеркәсіптік тауарлық сүт фер­масы іске қосы­лады. 6 инвес­тициялық жоба жүзеге асы­рылды. Жыл соңына дейін қуаты 45 мың тонна болатын 3 жаңа ет комбинатын іске қосу жоспарланып отыр.  «Халықты алмамен қамтамасыз ету үшін 2 мың гектар қарқынды алма бағын отырғызу жоспарлануда, олар 68 мың тоннаға дейін өнім бере алады. 1 700 гектар қазірдің өзінде отырғызылды. Қант өндіру бойын­­ша Жамбыл облысында жаңа зауыт салу бойынша жұмыс бастал­ды. Қант қызылшасына арналған алаңдар 20,5 мың гектарға дейін ұлғайтылды, Алматы облысында қолданыстағы қант зауыттары жаң­ғыртылады», – деді С. Омаров. Импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп жатқан Үкіметтің жетекшісі Асқар Маминнің пікі­­рінше, бағаны қымбаттатуға еш себеп жоқ. «Халықаралық астық нары­ғында қалыптасып отырған конъюнк­­тура­ны ескеріп, Ауыл шаруашылығы министрлігі әкім­діктермен бірлесіп, сыртқы жағ­дайға және азық-түлік қорының жеткілікті болуы мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығына мони­торингті жалғастыруы қажет. Екін­шіден, Ауыл шаруашылығы ми­нистр­л­ігі «қайтарымды схема» ар­қылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беру механизмін кеңейту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын қам­тамасыз ету үшін форвардтық сатып алу практикасын барлық өңірлерде енгізуді тапсырамын», – деді ол Үкімет отырысында.  

Айдана БЕГІМ