Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет ПРАЙМЕРИЗ

Кандидаттар мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды

«Nur Otan» партиясы пар­тияішілік сайлауы – прай­меризге қатысқан кан­ди­даттардың жария пікір­сайысы басталып кетті. Атал­ған шара «Nur Otan» пар­тиясының праймериз кес­тесіне сәйкес өткізіліп жатыр. Ақтөбе қаласынан тіркелген кандидаттардың жеребе арқылы анықталған бірінші тобы сөз сайысына түсті.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 16, 2020
ПРАЙМЕРИЗ, Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
kandidattar
41
қаралым

Олар бірінші кезеңде нақты елді мекендердің мәселесін шешу бойынша пікірлерін біл­дірді. Ал екінші кезеңде бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп, түрлі тақырыпта ой өрбітті.

– Праймеризге Ақтөбе об­лысынан тіркелген 486 кандидат 7 қыркүйектен бастап партия­ластарымен бетпе-бет және он­лайн әдісімен кездесулер өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргі­зіп жатыр. Енді міне, жария пі­кірсайыстарға қатысуда. Олар өңіріміздің өзекті мәселелерін ашық көтеріп, нақты ұсыныс­тар­ды ұсынуы тиіс. Осындай түр­­лі ой-пікірдің тоғысынан ке­лелі ой, кемел идеялар туын­дайды, – деді партияның облыс­тық филиалы төрағасының бі­рін­ші орын­басары Ербол Данағұлов.

Праймеризге қатысушы­лар­дың арасында білім саласындағы қордаланған мәселелерді ше­шу, экологияны жақсартуға бай­ланысты ұсынысын айтқан­дар болды. Сондай-ақ кандидат­тар жол сапасын жақсартуға жаңа технологияларды пайда­лану, аулаларды абаттандыру мақ­сатында елімізде жоқ тәжіри­белерді ұсынды.

Аналар құрметке бөленді

Жалғысбасты анаға көмек көрсетіледі

Жұмыс жоспары талқыланды

Айта кету керек, жария пі­кірсайыс 30 қыркүйекке дейін облыс бойынша 16 жерде 87 рет өтеді. Барлық кандидат үшін жария дебаттарға қатысу мін­детті.

Орал қаласы бойынша да прай­меризге қатысушылар ара­сында алғашқы пікірсайыс өтті. Аталған іс-шарада Мержан Әбілқас, Айнұр Арыстанова, Айгерім Ералиева, Медхат Қамбетов, Шаттық Өтебалиева өздерінің сайлауалды бағдар­ламаларын ортаға салды.

Дебат кезінде алғашқы болып сөйлеу жеребе тарту бойынша анықталды. Әр қатысушы өзінің бағдарламасымен таныстырып, халықпен кездесу барысында тұрғындарды мазалайтын сұрақ­тарды талқылады. Спикерлер қоғамның барлық саласына қа­тысты көптеген мәселені қоз­ға­ды. Көпбалалы отбасыларға бе­рілетін жеңілдіктер, білім беру жүйесі, кәсіпкерлікті қолдау тақырыптары күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды.

Дебатта көтерілген тағы бір маңызды әлеуметтік тақырып ол – ерекше қажеттіліктері бар адам­дарға қолдау көрсетіп, жұ­мысшы мамандығының беделін көтеру.

Саяси пікірталас екі турдан тұрды, жалпы ұзақтығы 90 ми­нутты құрады. Бірінші кезеңде праймеризге қатысушылар ай­мақтың дамуындағы мәселелерді шешу жолдарымен бөліссе, әрі қарай пікірталас сұрақ-жауап форматына көшті. Дебат әлеу­меттік желіде тікелей эфир ар­қылы да көрсетілді.

Пікірсайысты тамашалауға әрі қатысушыларға қолдау біл­діруге қоғамдық ұйымдардың, жастар бірлестіктерінің өкілдері мен партия мүшелері келді. Орал қаласы бойынша праймеризге 103 үміткер тіркеліп, дебатқа қа­тысу үшін олар 18 топқа бөлінді.

Атырауда да праймеризге қатысушы кандидаттар арасында пікірсайыс басталды. Дебаттың алғашқы күнінде 18 үміткер бақ сынады. Олар өңірдің эколо­гиялық проблемасы, кәсіпкер­лерді қолдау, жастар арасындағы жұмыссыздық, сыбайлас жем­қор­лықпен күрес, мектеп оқу­шы­ларын тегін интернетпен қам­ту және кадр мәселесі сияқты тақырыптарда өз ойын ашық түрде ортаға салды. Сөз сөйлеу­шілерге шектеу қойылған жоқ, ашық микрофон ұсынылды. Пікір­сайыстар Атырау мұнай өң­деу зауы­тының ғимаратында және Н.Балғымбаев орталығында өтті.

Ал Павлодар облыстық «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне 612 үміткер бар, олар өзара 89 топқа бөлінді. Аймақ­тағы партияішілік іріктеуге түс­кен кандидаттардың алғашқы пікір­сайысы «Колос» мәдени-ойын-сауық орталығында ұйым­дас­тырылды. Үміткерлер өзде­рінің сайлауалды бағдар­лама­ларын ортаға салып, жиылған қауымды толған­ды­ратын сұрақ­тарға жауап берді. Сондай-ақ сайысқа қа­тысу­шы­лар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты. Негізінен, айтылған пікірлердің дені облыстың әлеу­меттік-экономикалық дамуына қатысты болды. Кандидаттар тұрғындар­дың әл-ауқатын арт­тыру жөнінде бірқатар ұсыныс айтты. Атап өтсек, жас отба­сы­лардың баспана сатып алуына несие ставкасын төмен­дету және мүмкіндігі шек­теулі азаматтарға барынша қолдау көрсету.

Аймақтарда өткен барлық пікірсайыстың толық процесі «Nur Otan» партиясы филиал­дарының ресми аккаунттарында тікелей эфирде көрсетілді.

Тараз қаласындағы жария пікірсайыс «Гаухартас» мейрам­ха­насында өтті. Оның ашылу сал­танатына «Nur Otan» пар­тиясы Жамбыл облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Балабек Нарбаев қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Жария пікірсайыс кезеңінде үміткерлер аянып қалған жоқ. Белгіленген ережеге сәйкес жария пікірсайыстар екі кезең­нен тұрды. Бірінші кезеңде кан­дидаттар 5 минут уақыт аралы­ғында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, мәнді мәселелерге тоқталды. Екін­ші кезеңде сұрақ-жауапқа ке­зек берілді. Сонымен қатар жи­нал­ғандар тарапынан да кей­бір үміткерлерге сауалдар қойы­лып, нақты жауаптар берілді.

Айта кетейік, 30 қыркүйекке дейін Жамбыл облысында 164 дебат ұйымдастырылады.

Қарағанды қаласы бойынша да «Праймериз – 2020» қатысу­шыларының жария пікірсайысы басталды. Кандидаттар «Қала проблемаларын шешудің нақты жолдары мен мүмкіндіктері» тақырыбында сөз сөйлеп, өзекті мәселелерді талқылады. Дебатта негізінен қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, білім сапасы, денсаулық, экология, спорт саласы, сонымен қатар жастар мәселелері қамтылды. Кандидаттар пікірсайыс бары­сында өзара сұрақтар қойып, көрермендердің сауалдарына жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, прай­меризге қатысушылар ара­сындағы дебат 14-30 қыркүйек аралығында өтіп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көр­сетіледі. «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушыларға дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді.

 

 

 
Тегтер: Nur Otanкандидаттармәселелерді шешупартияішілік сайлаупраймериз
Алдыңғы жаңалық

Бейіттерді жүк көлігімен тас-талқан еткен күдікті іздестіріліп жатыр

Келесі жаңалық

Коронавирусқа шалдыққандар саны 106 984-ке жетті

Ұқсас жаңалықтар

Атырау
Жаңалықтар

Атырау облысы «сары» аймаққа енді

Наурыз 7, 2021
коронавирус
COVID-19

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Наурыз 7, 2021
сабақ
Жаңалықтар

Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға порно қосылып кеткен

Наурыз 7, 2021
12
Қазақстан

12 жастағы қазақстандық ерекше дауысымен ресейліктерді таңдандырды (видео)

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы «сары» аймаққа енді

Наурыз 7, 11:16

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Наурыз 7, 10:45

Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға порно қосылып кеткен

Наурыз 7, 10:15

12 жастағы қазақстандық ерекше дауысымен ресейліктерді таңдандырды (видео)

Наурыз 7, 09:47

Қазақстан боксшылары халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

Наурыз 7, 09:19

Димаш Құдайберген «Қазақстанның жыл әртісі» номинациясын жеңіп алды

Наурыз 7, 00:05

Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік таратылады

Наурыз 6, 22:44
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Атырау

Атырау облысы «сары» аймаққа енді

Наурыз 7, 2021
коронавирус

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Наурыз 7, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»