Кандидаттар мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды
Кандидаттар мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды
192
оқылды
Олар бірінші кезеңде нақты елді мекендердің мәселесін шешу бойынша пікірлерін біл­дірді. Ал екінші кезеңде бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп, түрлі тақырыпта ой өрбітті. – Праймеризге Ақтөбе об­лысынан тіркелген 486 кандидат 7 қыркүйектен бастап партия­ластарымен бетпе-бет және он­лайн әдісімен кездесулер өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргі­зіп жатыр. Енді міне, жария пі­кірсайыстарға қатысуда. Олар өңіріміздің өзекті мәселелерін ашық көтеріп, нақты ұсыныс­тар­ды ұсынуы тиіс. Осындай түр­­лі ой-пікірдің тоғысынан ке­лелі ой, кемел идеялар туын­дайды, – деді партияның облыс­тық филиалы төрағасының бі­рін­ші орын­басары Ербол Данағұлов. Праймеризге қатысушы­лар­дың арасында білім саласындағы қордаланған мәселелерді ше­шу, экологияны жақсартуға бай­ланысты ұсынысын айтқан­дар болды. Сондай-ақ кандидат­тар жол сапасын жақсартуға жаңа технологияларды пайда­лану, аулаларды абаттандыру мақ­сатында елімізде жоқ тәжіри­белерді ұсынды. Айта кету керек, жария пі­кірсайыс 30 қыркүйекке дейін облыс бойынша 16 жерде 87 рет өтеді. Барлық кандидат үшін жария дебаттарға қатысу мін­детті. Орал қаласы бойынша да прай­меризге қатысушылар ара­сында алғашқы пікірсайыс өтті. Аталған іс-шарада Мержан Әбілқас, Айнұр Арыстанова, Айгерім Ералиева, Медхат Қамбетов, Шаттық Өтебалиева өздерінің сайлауалды бағдар­ламаларын ортаға салды. Дебат кезінде алғашқы болып сөйлеу жеребе тарту бойынша анықталды. Әр қатысушы өзінің бағдарламасымен таныстырып, халықпен кездесу барысында тұрғындарды мазалайтын сұрақ­тарды талқылады. Спикерлер қоғамның барлық саласына қа­тысты көптеген мәселені қоз­ға­ды. Көпбалалы отбасыларға бе­рілетін жеңілдіктер, білім беру жүйесі, кәсіпкерлікті қолдау тақырыптары күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды. Дебатта көтерілген тағы бір маңызды әлеуметтік тақырып ол – ерекше қажеттіліктері бар адам­дарға қолдау көрсетіп, жұ­мысшы мамандығының беделін көтеру. Саяси пікірталас екі турдан тұрды, жалпы ұзақтығы 90 ми­нутты құрады. Бірінші кезеңде праймеризге қатысушылар ай­мақтың дамуындағы мәселелерді шешу жолдарымен бөліссе, әрі қарай пікірталас сұрақ-жауап форматына көшті. Дебат әлеу­меттік желіде тікелей эфир ар­қылы да көрсетілді. Пікірсайысты тамашалауға әрі қатысушыларға қолдау біл­діруге қоғамдық ұйымдардың, жастар бірлестіктерінің өкілдері мен партия мүшелері келді. Орал қаласы бойынша праймеризге 103 үміткер тіркеліп, дебатқа қа­тысу үшін олар 18 топқа бөлінді. Атырауда да праймеризге қатысушы кандидаттар арасында пікірсайыс басталды. Дебаттың алғашқы күнінде 18 үміткер бақ сынады. Олар өңірдің эколо­гиялық проблемасы, кәсіпкер­лерді қолдау, жастар арасындағы жұмыссыздық, сыбайлас жем­қор­лықпен күрес, мектеп оқу­шы­ларын тегін интернетпен қам­ту және кадр мәселесі сияқты тақырыптарда өз ойын ашық түрде ортаға салды. Сөз сөйлеу­шілерге шектеу қойылған жоқ, ашық микрофон ұсынылды. Пікір­сайыстар Атырау мұнай өң­деу зауы­тының ғимаратында және Н.Балғымбаев орталығында өтті. Ал Павлодар облыстық «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне 612 үміткер бар, олар өзара 89 топқа бөлінді. Аймақ­тағы партияішілік іріктеуге түс­кен кандидаттардың алғашқы пікір­сайысы «Колос» мәдени-ойын-сауық орталығында ұйым­дас­тырылды. Үміткерлер өзде­рінің сайлауалды бағдар­лама­ларын ортаға салып, жиылған қауымды толған­ды­ратын сұрақ­тарға жауап берді. Сондай-ақ сайысқа қа­тысу­шы­лар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты. Негізінен, айтылған пікірлердің дені облыстың әлеу­меттік-экономикалық дамуына қатысты болды. Кандидаттар тұрғындар­дың әл-ауқатын арт­тыру жөнінде бірқатар ұсыныс айтты. Атап өтсек, жас отба­сы­лардың баспана сатып алуына несие ставкасын төмен­дету және мүмкіндігі шек­теулі азаматтарға барынша қолдау көрсету. Аймақтарда өткен барлық пікірсайыстың толық процесі «Nur Otan» партиясы филиал­дарының ресми аккаунттарында тікелей эфирде көрсетілді. Тараз қаласындағы жария пікірсайыс «Гаухартас» мейрам­ха­насында өтті. Оның ашылу сал­танатына «Nur Otan» пар­тиясы Жамбыл облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Балабек Нарбаев қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Жария пікірсайыс кезеңінде үміткерлер аянып қалған жоқ. Белгіленген ережеге сәйкес жария пікірсайыстар екі кезең­нен тұрды. Бірінші кезеңде кан­дидаттар 5 минут уақыт аралы­ғында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, мәнді мәселелерге тоқталды. Екін­ші кезеңде сұрақ-жауапқа ке­зек берілді. Сонымен қатар жи­нал­ғандар тарапынан да кей­бір үміткерлерге сауалдар қойы­лып, нақты жауаптар берілді. Айта кетейік, 30 қыркүйекке дейін Жамбыл облысында 164 дебат ұйымдастырылады. Қарағанды қаласы бойынша да «Праймериз – 2020» қатысу­шыларының жария пікірсайысы басталды. Кандидаттар «Қала проблемаларын шешудің нақты жолдары мен мүмкіндіктері» тақырыбында сөз сөйлеп, өзекті мәселелерді талқылады. Дебатта негізінен қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, білім сапасы, денсаулық, экология, спорт саласы, сонымен қатар жастар мәселелері қамтылды. Кандидаттар пікірсайыс бары­сында өзара сұрақтар қойып, көрермендердің сауалдарына жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, прай­меризге қатысушылар ара­сындағы дебат 14-30 қыркүйек аралығында өтіп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көр­сетіледі. «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушыларға дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді.