Босқындарды баспанасыз қалдырған өртке қатысты 6 күдікті ұсталды  
Босқындарды баспанасыз қалдырған өртке қатысты 6 күдікті ұсталды  
Фото: Интернеттен алынды
Еuronews агенттігі ұсталғандардың барлығы – Ауғанстан азаматтары екенін, олардың ішінде екеуі кәмелеттік жасқа жетпегенін жазады. Алапат өрттен соң, олар құрлықтық Грекияға эвакуацияланды. Қазір олармен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды «Қазақпарат». Лесбостағы өртке қатысты тергеу амалдарын Азаматтарды қорғау министрі Михалис Хрисохоидис өз қадағалауына алған. Лесбоста мигранттарға арналған жаңа лагерьдің құрылыс орнына Еуропалық Одақ төрағасы Шарль Мишель барды. Ол Еуроодақтың Грекиямен мигранттар проблемасын шешуге атсалысатынын айтты.