Қарттар күніне арналған айлық басталды
Қарттар күніне арналған айлық басталды
Халықаралық қарттар күні аясында Нұр-Сұлтандағы Жазушылар аллеясында «Ардагерлер салауатты өмір салты үшін» ұранымен спорттық флешмоб өтті. Оған қаланың 50-ден астам ардагері спортшы қатысып, фитнес нұсқаушының басшылығымен жаттығулар жасады. Осылайша, Халықаралық қарттар күніне арналған қалалық ардагерлер кеңесінің айлық шаралары ашық аспан астындағы ұжымдық жаттығумен басталды. Шара соңында қатысушылар концерт өткізіп, өздерінің арнайы дайындаған нөмірлерін орындады. Шараны ардагерлер қозғалысын дамыту мақсатында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ қалалық филиалы Нұр-Сұлтан қалалық Ішкі саясат басқармасының қол­дауымен ұйымдастырды.  

Тұмар МЫРЗА