«Томирис» Canal+ арнасынан көрсетіледі
«Томирис» Canal+ арнасынан көрсетіледі
139
оқылды
Арнайы «Жаңа жанр» жүлдесін Франциядағы ең ірі ақылы телеарналардың бірі - Canal+ арнасы табыстады. Фильмнің көрсету құқығын сатып алатын бұл телеарна отандық туындыны көрермендерге прайм-тайм уақытында көрсететін болады. Картинаның режиссері Ақан Сатаевтың айтуынша, биыл 26-шы рет өткізіліп отырған L’Etrange Festival фестивалі әлемдегі ең ерекше фильмдердің көрсетіліміне негізделген. Айта кетсек, фестивальдің халықаралық байқауына «Томирис» фильмінен басқа 13 фильм қатысты, олардың қатарында Ұлыбритания, Аустралия, Ресей, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея және басқа елдердің режиссерлері түсірген туындылар бар. Еске салсақ, кинотуынды  біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан кек алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Айта кетейік, фильм «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.  

Айдана БЕГІМ