Министр ҰБТ сұрақтарын сынға алды
Министр ҰБТ сұрақтарын сынға алды
171
оқылды
– Нәтижесінде, қолданып үлгерсе де, үлгермесе де тыйым салынған зат­тармен тестілеуге кірген талапкерлердің нәтижелерін бірден жою тетігі енгізілді. Ал осы заттарды алып кіруге әрекет еткендер емтиханға жіберілмейтін болды. Бұрын металл іздегіш құралдар арқылы тексеру кезінде телефон табылса, жай алып қалатын едік, бірақ талапкер тестілеуге қатыса беретін. Сонда мұндай ереже бұзушы ба­лалар саны еліміз бойынша 100-150 мыңнан асатын! – дейді министр. Осылайша, тыйым салынған заттарды емтиханға ала кіруге әрекет ететіндер саны 70 есеге азайды: 2019 жылы 128 мыңнан астам телефон табылса, 2020 жылы олардың саны 2 500-ге жуық болды. «Емтихан қорытындысын жою фактісі болса, 100 есеге көбейді: 2019 жылы 128 телефон алып кіру фактісі орын алып, 24 талапкердің ғана ҰБТ нәтижелері жойылса, ал 2020 жылы тыйым салынған заттар табылған барлық 2 500 адамға қатаң шара қолданылды», – деді ол. Тағы бір жаңалық: биыл ҰБТ өткізу ережелерін бұзғаны немесе жұмысты на­шар ұйымдастырғаны үшін 20-дан астам комиссия мүшесі мен басшысы жа­заланыпты. БҒМ бірнеше пунктте жаппай бұзушылықтардың ашық және өрескел түрде орын алуына байланысты тестілеуді мүлдем тоқтатуға және басқа күндерге ауыстыруға мәжбүр болды. Мұндай жағдай Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында кездесті. ҰБТ-да комиссия құрамында бірнеше мың адамды ұстау үшін 1,5 миллиард тең­ге жұмсалған. Ведомство алда осы істі цифрландырып, комиссиялардан бас тарт­пақ ниетте. Бұл рәсім заманауи про­кторинг пен бейнебақылау жүйесі енгізілген электронды форматқа өтеді. – Сұрақтардың мазмұны әлі де кө­ңілімізден шықпайды. Соңғы бірнеше жылда тестілеу сұрақтарының базасын жа­ңарту бойынша жұмыс жүргізілгеніне қарамастан, сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақ­тауға бағытталған. Функционалдық са­уаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді алдымызда тест базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бо­йынша толық жаңарту мәселесі тұр. Бұл мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тесте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бер­мей­тін сұрақтар болуы керек, – деп түйді А.Аймағамбетов.  

Елдос СЕНБАЙ