Астанаға жылу берді
Астанаға жылу берді
136
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады.

Елорданың әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында: «Ауа райының суытуына байланысты мектеп, балабақша, аурухана мен емханалар келіп түскен өтініштерге орай жылыту жүйесіне қосылды. Ертеңнен бастап тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды қосуды бастаймыз. Бұл жұмыс бірнеше күнге созылады. Ережеге сәйкес жылыту маусымы орташа тәуліктік температура +10 градусты көрсетіп, бес күн бойы сақталғанда басталады», — деп жазды.