Жылдамдықты үдеткен 17 студент көз жұмды
Жылдамдықты үдеткен 17 студент көз жұмды
188
оқылды

Таиландтың солтүстік-шығысында Пикап маркалы автокөлік мінген Техникалық колледждің 17 студенті жол апатына ұшырап қаза тапты.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес қайғылы жағдай Камбоджа шекарасына жақын Сисакет провинциясында болған. Студенттер пикап маркалы автокөлікте үйлеріне қайтып келе жатқан. Порталдың ақпарынша автокөлік қатты жылдамдықта келе жатып, жолдан жаяу жүргіншілер жолына ауып кеткен. Салдарынан екі бағанағы соғылып, аударылған.

Апаттан артта отырған 12 студент оқиға орнында қаза тапса, бесеуі ауыр жарақат алып, емханада көз жұмады. Көлік жүргізушісі ауыр жарақатпен емханада жатыр.