Ауғанстандағы президент сайлауында тәлібтер шабуыл жасады: 32 адам көз жұмды

Ауғанстандағы президент сайлауында тәлібтер шабуыл жасады: 32 адам көз жұмды

Ауғанстанда президент сайлауы кезінде тәлібтер сайлау учаскелеріне 113 рет шабуыл жасаған. Бұл туралы Pajhwok агенттігі хабарлайды.

Полицияның ақпарынша шабуыл салдарынан 32 адам қаза тауып, 123 адам жарақат алған.

«Талибан»* радикалды қозғалысы аталған шабуылдарға жауапкершілік алды. Президент сайлауына бір күн қалғанда қауіпсіздік күштері 31 бомбаны залалсыздандырған.

Содырлардан қауіп төнетінін білсе де шамамен 10 миллион адам дауыс беруге өтініш берген. Сайлау учаскелерін 70 мыңға жуық полицей мен әскери қызметкерлер бақылаған.

Сайлау нәтижесінде қазіргі ауған басшысы 70 жастағы Ашраф Ғани жеңіске жетті. Мемлекет басшысы болуға Ғанидан өзге 16 үміткер өтінім берген. Алайда ақпарға сәйкес олардың жеңіске жетуі неғайбыл.


Талибан* - ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.