Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Күнін көре алмай отырғандардың кредитін кешіру керек – депутат

Пандемияға байланысты салық төлегенімен, халыққа кредит төлеу қиынға соғып жатыр.

Нұрбек БАҚЫТ
Қыркүйек 16, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Басты жаңалықтар, Экономика
кредит, күнкөріс, несие, қарыз, Президент, банк

Фото: Интернеттен алынды

Сондықтан Мәжілістің жалпы отырысында «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары атынан Үкімет басшысы Асқар Маминге жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды кредит рақымшылығын жүргізу қажет деген ұсыныс айтылды, – деп жазады «Қазақпарат».

«Пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі, карантин және локдаун секілді шектеу шараларын енгізу уақыт көрсеткендей, аурудың ерекше қарқынмен дамуын тоқтатуға септігін тигізген шешім болды.

Осы орайда «Халық коммунистері» фракциясы бұл шаралар жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлердің кірісінің төмендеуіне немесе жоғалуына әкелгеніне назар аударып отыр. Әрине, бұл жағдай оларға байланысты емес.

Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті

Қырғыз елі таңдаған президенттік басқару формасы демократияға кедергі келтірмейді – сарапшы

Президент Қайрат Келімбетовті қабылдады

Бірақ ешкім халық пен бизнестің қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелерінің күшін жойған жоқ. Карантин кезінде ШОБ саласында өндіріс көлемі күрт төмендеді: қоғамдық тамақтану – 53, бөлшек сауда – 45, көлік – 37 пайыз. Бұл кәсіпкерлердің де, олардың қызметкерлерінің де кәсіпорындарды жабу, банкроттық жариялау, банктермен сот ісін жүргізу секілді тәуекелін арттырады.

Ресми мәлімет бойынша, карантин кезінде жұмыспен қамту аймағынан 4 миллион 200 мың адам шығып қалды. Шын мәнінде, жұмыссыздық 46 пайызға жетті. Бұл ел тарихында бұрын-соңды болмаған деңгей. Қазіргі дағдарыс тек санитарлық-эпидемиологиялық қана емес, сонымен бірге еңбек нарығындағы төтенше жағдай сипатына ие. Тиісінше, төтенше шара қажет», – деді фракция атынан сауалды жолдаған Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров.

Оның айтуынша, 2019 жылғы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі тапсырмасын орындау, яғни «кредиттік рақымшылық» 2019 жылы қоғам мен қаржы институттарына оң ықпал етті.

Бірақ биыл бірінші жартыжылдықта микрокредит көлемі айтарлықтай өсті. ШОБ-қа берілген микрокредит көлемі 850 пайызға артты. Бұл ретте негізгі борыш немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек 283 пайызға жетті. Жеке тұлғалар шағын несиелерді 145 пайызға ұлғайтты. Мерзімі өткен берешек 332 пайызға өсті.

«Бұрын азаматтар тұрмыстық техника, қымбат киім сатып алу, түрлі отбасылық іс-шараларды өткізу үшін несие алса, шектеу шаралары жағдайында және одан кейінгі кезеңде уақыты өтіп кеткен несиені өтеуге, оқуға, емделуге, киім мен азық-түлікке қарыз алатын болды. Қаржы институттары қарыз алушыларға төлемді кейінге қалдырып төлеуді ұсынды.

Бірақ Президент жариялаған мораторий мерзімі қыркүйек айында аяқталады. Коммунистер оған дейін қарыз алушылар төлем қабілеттілігін қалпына келтіреді дегенге күмәнмен қарайды. Мамандардың болжамынша, 3 миллионға жуық қазақстандық шағын және орта бизнеске шоғырланған. Егер жаңа шектеу шаралары енгізілмесе, шағын және орта бизнеске шамамен бір жыл бойы қалпына келу қажет болады. Түрлі бағалауларға сәйкес, ШОБ субъектілерінің 30-50 пайызы жабылады деп күтілуде», – деді депутат.

Депутаттың пікірінше, Қазақстанда шектеу шаралары енгізілгенге дейін тұрақты түрде салық төлеген, жұмыс орындарын құрған, қазір объективті себепке байланысты несиелерге қызмет көрсету бойынша күрделі жағдайға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды несие рақымшылығын жүргізу қажет.

Олар өмір сүруге қаражат таппай, қаржы институттарының қысымына ұшырауы мүмкін.

 
ID: 0
Тегтер: банккредиткүнкөрісқарызнесиепрезидент
Алдыңғы жаңалық

Қарттар күніне арналған айлық басталды

Келесі жаңалық

Министр ҰБТ сұрақтарын сынға алды

Ұқсас жаңалықтар

пышақ
Жаңалықтар

Ер адам өзінің әйелін пышақтап өлтірді

Сәуір 20, 2021
ұзын
Жаңалықтар

Ұзын бойлы жігіт әскерде кереуетке сыймай жүр – видео

Сәуір 20, 2021
Венеция
Қазақстан

«Қазақстандағы Венецияны» салуға қанша қаржы жұмсалды?

Сәуір 20, 2021
Суперлига
Жаңалықтар

УЕФА Суперлига турниріне қатысты мәлімдеме жасады

Сәуір 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адам өзінің әйелін пышақтап өлтірді

Сәуір 20, 00:40

Ұзын бойлы жігіт әскерде кереуетке сыймай жүр – видео

Сәуір 20, 00:33

«Қазақстандағы Венецияны» салуға қанша қаржы жұмсалды?

Сәуір 20, 00:04

УЕФА Суперлига турниріне қатысты мәлімдеме жасады

Сәуір 19, 23:17

TikTok түсіргені үшін мұғалімді жұмыстан шығарған

Сәуір 19, 23:16

Айсұлтан Сейітов алғашқы фильмін түсіріп бітті

Сәуір 19, 22:48

Б.Байбек Алматыдағы басты даңғыл атауының Назарбаев деп өзгертілу себебін айтты

Сәуір 19, 22:02
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

пышақ

Ер адам өзінің әйелін пышақтап өлтірді

Сәуір 20, 2021
ұзын

Ұзын бойлы жігіт әскерде кереуетке сыймай жүр – видео

Сәуір 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»