Экс-Денсаулық сақтау министрі ұсталды
Экс-Денсаулық сақтау министрі ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
15 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі болған Космосбек Чолпонбаев ел қазынасына 9 млн сом шығын келтірді деген айыппен ұсталды. Оған қызметін асыра пайдаланды, жұмысына салғырттық танытты деген айып тағылып отыр. Өзге мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды. Экс-министрдің ұлы Эркин Чолпонбаев әкесінің ұсталғанын растады. Биыл шілде айында Космосбек Чолпонбаевты арнайы қызмет өкілдері тергеуге шақырған болатын.