Канадада қар жауды: жол апаты көбейді
Канадада қар жауды: жол апаты көбейді

Канададағы Калгариде қар жауды. Қатты жауған қар 117 жол-көлік оқиғасына себеп болған. Салдарынан 13 адам зардап шекті деп хабарлайды CBC.

Көлік жүргізушілеріне қолайсыз ауа-райы жол апатын көбейтуі мүмкін екендігі ескертілді. Дүйсенбі таңертең Калгариде қар жамылғысы 15-25 сантиметрге жетуі мүмкін.

Жексенбіде Калгариден ұшатын бірнеше халықаралық рейс тоқтатылды.

Альберта және Летбридж университетінде дүйсенбі сабақ тоқтатылды.